Түркістан облысы

Түркістан: облыста 800 мыңға жуық адам ПТР тест тапсырды

0
(0)
Түркістан облысында ПТР зерттеулер бойынша өткен тәулікте 2,5 мың адам тексеріліп, жалпы 800 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясына тексеруден өткен. Өңірде 14 ПТР зертханалары қызмет атқарады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында өткен Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз жиынында мәлімдеді. Тікелей эфирде өткен брифинг барысында облыс басшысы өңірдің эпидемиологиялық ахуалы жайлы айтып өтті.
Ақпан айынан басталған вакцинацияның 320 мыңнан астам дозасы жеткізілді. Жалпы 128 егу пункттерінде 1-компонентті 300 мыңнан аса адам, ал 2-компонентпен 130 мыңнан астам адам қабылдады. Облыстың медициналық ұйымдарына дәрілік заттар және арнайы қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету мақсатында 2 айлық қор резерві қалыптастырылды. Өңір тұрғындарын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бөлшек сауда дәріханалары арқылы жергілікті тұрақтандыру қоры құрылды.
Коронавирусқа қарсы күрес мақсатында 368 дана өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталды. Сонымен қатар, 890 оттегі концентраторлармен, 8 оттегі станциясынмен және 171 дана жедел автокөліктермен қамтамасыз етілді. Өңірдің эпидемиалық ахуал тұрақты бақылауда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button