Түркістан облысы

Түркістан облысында бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтіп жатыр

0
(0)

Бүгін Түркістан облысының аудан, қалаларында «Nur Otan» партиясының бастауыш партия ұйымдарының жиналыстары өтті. Жиындарда бастауыш партия ұйымдарының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, төрағалары сайланып, аумақтық партия филиалының конференцияларына қатысатын делегаттар анықталды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай жиналыстың бірі Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында ұйымдастырылды. 563 мүшесі бар «Шұбарсу» бастауыш партия ұйымының жиналысында «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаты Әлиасқар Бердімұрат бірқатар мәселені қозғады. Ол сайлаушылар алдындағы уәделерді толық орындау, Жол картасын жүзеге асыру – басты міндет екенін жеткізді.

Биыл өткен сайлаудағы жеңіс – елдің партияға деген сенімінің көрінісі. Еліміздегі барлық аудан, қалада, ауылдарда өкілдіктері бар жалғыз саяси күш – «Nur Otan». Бүгінде партия фракциясының депутаттары тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өткізіп, елдің талап-тілектері мен өтініштерін орындауға күш салып жатыр. Сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша жұмыс жалғаса береді», – деді ол.

«Шұбарсу» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәрсенбек Қабылбеков Елбасы тапсырмасымен партияда болған өзгерістер мен тың бастамаларды жоғары бағалап, бұл бағытта да тиісті жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Шұбарсу ауыл округінде 30 мыңға жуық тұрғын бар. Бастауыш партия ұйымы тарапынан азаматтық қоғамды дамыту, елдің әлеуетін көтеру бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Елімізде төтенше жағдай жарияланғанда «Nur Otan» партиясы «Шұбарсу» бастауыш партиясы ұйымы аз қамтылған отбасыларға да баса назар аударып, демеушілер тауып, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды. Ауылдағы демеуші азаматтарымыз ондаған отбасына ет, азық-түлік таратты. «Nur Otan» партиясы Шұбарсу БПҰ және ауыл әкімшілігі, демеушілер тарапынан 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында аз қамтылған, тұл жетім балаларға, 1,2 топ мүгедектеріне, жалпы көмекке мұқтаж жандарға 3 млн. 900 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Сонымен бірге партияның «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 31 отбасына тұрақты түрде қолдау көрсетіліп келеді», – деді БПҰ төрағасы.

БПҰ-ның есебі тыңдалған соң БПҰ төрағасы мен орынбасары сайланды. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының конференциясына делегаттар анықталды.
Жарыссөзге шыққан Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің директоры, аудандық маслихатының депутаты Ж.Ақылбекова мен Шұбарсу ауыл округі әкімінің орынбасары А.Бердешов та партия ұйымының жұмыстарын оң бағалады.


Бүгінде Ордабасы ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасын орындау бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Әрбір бағыттың орындалуы партияның бақылауына алынған.

Сонымен бірге осы күні Түлкібас ауданындағы 584 мүшесі бар «Денсаулық» және 326 мүшесі бар «Отан» бастауыш партия ұйымдарында да есеп беру жиналыстары өтті. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының «Атакент», «Мақтаарал» және «Нұрлы жол» бастауыш партия ұйымдарында да онлайн режимде жиналыстар өтіп, күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды.
Түркістан облысында 244 бастауыш партия ұйымы бар. Ол ұйымдарға 80 мыңға жуық адам тіркелген. Бүгінде өңірдегі «Nur Otan» партиясының мүшелері Түркістан облысын дамыту жолында жемісті еңбек етіп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button