Түркістан облысы

Таза ауыз су тартылды

0
(0)

Түркістан облысы Сайрам ауданы Құтарыс ауыл округіне қарасты Қызылжар елдімекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 148 отбасы таза ауыз суға қол жеткізіп отыр. Бұған дейін құдық суын пайдаланып келген ауылдағы құрылыс жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталып, биылғы сәуір айында аяқталған. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме- «СИН» ЖШС-гі.

Орталықтандырылған ауыз су жүйесіне бастапқыда 130 абонентті қосу жоспарланғанымен, қазір нақты іске қосылғаны 148 абонент. Нысанды қабылдау жұмыстарынан соң аудандағы ауыз су мәселесі 100% шешімін таппақ.

Айта кетейік, жалпы Сайрам ауданындағы 42 елдімекеннің 41-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Енді, қалған 1 ауылдың абоненттеріне ауыз су қосу жұмыстары қарқын алмақ.

Айта кететін тағы бір жайт, жуырда Арыс ауылдық округі, Нұржақорған, Қожақорған елдімекендерінің жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізіледі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close