Түркістан облысы

Арысты газбен қамту мәселесі талқыланды

0
(0)

Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова қаланы газдандыру мәселесі жөнінде жиналыс өткізді, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Әкімдік аппараты мен тиісті сала мамандары және газ кіргізу қызметін ұсынатын 3 мекеме жетекшісі қатысқан басқосуда газ кіргізуді ұйымдастырудың жай-күйі кеңінен талқыланды.

«Қала тұрғындарына тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұтынушы ретінде құжаттардың рәсімделуін жеделдетуіміз керек. Сөйтіп, мүмкіндігінше тездетіп қаланы көгілдір отынмен қамтамасыз еткеніміз жөн», – деді Гүлжан Мамытқызы.

Жалпы, бүгінгі таңда қаланы газдандыру жұмыстарымен Арыс қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айналысады. Ал, бұл бөлім өз кезегінде жеке тұрғын үйлермен келісімшарт жасап, үйішілік төмен қысымды газ құбырларын кіргізу бойынша арнайы рұқсаты бар маманданған кәсіпорындарды («Қазмонтажком» ЖШС мен «Шавгар» ЖШС және «БИН» ЖШС) қызметке жұмылдырады. Яғни, әр үйдің ауласына орнатылған ГРПШ (шкафты газ реттегіш пунктері) құрылғысынан әрі қарай үйге дейінгі аралықты қосу жұмысы жоғарыда аталған мекемелер арқылы жүзеге асады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала бойынша 3 972 үймен келісімшарт жасаған және 2 760 үйге монтаждау жұмыстары жүргізілген. Мамандардың түсіндіруінше, жеке тұрғын үйлерді газға қосу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ ережесіне сәйкес алдымен техникалық шарт алынуы қажет. Оған мынадай құжаттар тапсырылады: үй иесінің өтініші; мемлекеттік акті; техникалық төлқұжат; үйдің ықшам сызбасы; топотүсірілім; қажет болған жағдайда қосымша құжаттар сұралуы мүмкін. Осы құжаттар қабылданғаннан кейін ғана үйішілік газ құбырлары жүргізіледі және бұл жоба міндетті түрде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның келісімі негізінде іске асырылуы тиіс.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button