Түркістан облысы

Келес ауданында оқушы саны көбейді

5
(1)

Келес ауданында 3080 оқушы 1 сыныпқа электронды түрде қабылданды, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Келес ауданында жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 3080 оқушы электронды түрде қабылданды. Өткен оқу жылында 1700 оқушы аяқтаған болатын. Бұл көрсеткіш өткен жылы оқуын аяқтағандармен салыстырғанда дерлік 2 есеге артқан. Бұл туралы Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абдиев мәлімдеді.

Қазіргі күнде Келес аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 63 мектеп оқушыларға білім мен тәрбие беруде. Оның ішінде 8 бастауыш мектеп, 3 негізгі, 52 жалпы білім беретін мектептер. 2021-2022 оқу жылында 33747 оқушы білім алады. Аудан аумағындағы барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді. 61 мектепте ішкі әжетхана орнатылды, 2 мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жаңа 2021-2022 оқу жылында білім беру білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-зпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, барлық мектептерде оқу дәстүрлі түрде жүргізілетін болады. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жергілікті бюджет есебінен жыл сайын мектеп оқушылары тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен 100 пайыз қамтамасыз етіліп келеді. 2021-2022 оқу жылында 1-сыныптың оқулықтары, 1-3 сыныптар үшін «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», 7, 8 сыныптар үшін «Информатика» оқулықтары жаңартылатынын, сондай-ақ жетіспейтін және ескі оқулықтарын жаңарту арқылы толықтыруға,мектеп кітапханаларына көркем әдебиеттер алуға 2021-2022 оқу жылына облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Ал жалпыға бірдей білім беру қорынан 6047 тұрмысы төмен отбасы балаларына спорттық киімдер мен оқу құрал жабдықтары берілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button