Ордабасы ауданы

Қажымұқанның 150 жылдығына шахматтан турнир өтті

Тартысты өткен шахмат сайысының қорытындысында БАҚ өкілдерінің «Шабыт» құрамасы жеңімпаз деп танылды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасы аясында Ордабасы аудандық әкімдігі мен «Интеллектуалды ұлт» ҚБ ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдығына орай, шахматтан аудандық турнир өтті.

Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Зияткерлік сайысты аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев ашып, интеллектуалды ойын алаңындағы командаларға сәттілік тіледі.   Сайысқа қатысуға өтінім білдірген командалар іріктеліп, ойынға 4 құрама команда қатысты. Олар: БАҚ өкілдері, ауданның зиялы қауым өкілдері,аудан жастары және ауданның мемлекеттік қызметшілер командасы.

Тартысты өткен шахмат сайысының қорытындысында БАҚ өкілдерінің «Шабыт» құрамасы жеңімпаз деп танылса, екінші орынды аудандық зиялы қауым құрамасы, үшінші орынға аудандық жастар құрмасы ие болды. Сонымен қатар, Қ.Жұмадуллаев, С.Сүйіндік, Н.Бердибаев және Т.Тайғара ойыншыларына ынталандыру сыйлықтары берілді. Жеңімпаздарға марапаттар мен алғыс хаттарды аудан әкімінің орынбасары А.Оралбаев, журналист Ғ.Елшібай, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы Ғ.Зиябек табыс етті.

Турнир соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә.Ысхах марапат иелерін құттықтап, зияткерлік іс-шаралардың аудан көлемінде өз жалғасын табатынын атап өтті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.