Түркістан облысы

Түркістан: Созақ ауданында боран салдарынан құлаған электр бағаналары толық қалпына келтірілді

Түркістан облысы, Созақ ауданы аумағында қар аралас жауын мен қатты дауыл салдарынан тау бөктеріндегі ауыл округтері мен елді мекендерде электр бағаналары жартылай құлап, сымдары үзілді.

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков шұғыл түрде зардап шеккен елді мекендерді аралап, боран салдарын жою, электр желісін қалпына келтіру үшін  әр ауыл округ бойынша жауапты етіп тиісті бөлім, мекеме басшыларын бекітіп, арнайы тапсырмалар жүктеген болатын.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан, өзге аудан, қалалардан арнайы бригадалар мен аудан әкімдігі қызметкерлері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшіп, уақытпен санаспай жұмыс атқара білді. Аудан басшысы әр күні жұмыс басында болып, күнде кешкі сағат 21:00-де жауапты мамандармен жиын өткізіп, жоспарларды саралап отырды. Сонымен қатар аудан аумағындағы өндіріс орындары мен «ТорланСтрой» ЖШС арнайы техникалармен көмек берсе, бірқатар елді мекен тұрғындары арасынын ел ағалары мен ерікті жастар аталған жұмысқа ұйымшылдықпен жұмыла білді.

Бүгінгі таңда күшейтілген жұмыстар нәтижесінде, қалған Абай елді мекенінде құлаған электр бағаналары толықтай қалпына келтіріліп, электр жарығы берілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.