Түркістан облысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары Түркістан облысындағы сайлаушылармен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Мәселен, Түркістанда өңір жұртшылығымен, ақсақалдармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен кездесу өтіп, оған 350-ге жуық адам қатысты. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасының өңірлерді дамытуға және ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға арналған блогына ерекше назар аударылды.

«Алдағы жылдардағы ел болашағын айқындайтын сайлауға бірнеше күн қалды. Оңтүстік өңірдің тұрғындары әрқашан айрықша саяси мәдениетімен ерекшеленеді. Олар осы жолы да жоғары азаматтық белсенділік танытып, сайлауға барынша көптеп қатысады деген ойдамын. Бұл – еліміздің табысты дамуы үшін маңызды. Бұл – барша қазақстандықтар үшін маңызды», – деп атап өтті Республикалық қоғамдық штабтың мүшесі Елнұр Бейсенбаев.

Бұдан соң жергілікті жылыжайлардың бірінің алаңында РҚШ мүшелері шаруалар мен ауыл жастарына сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру шараларын түсіндірді.

Осы күні штаб мүшелері салынып жатқан Мұз сарайына барып, құрылысшылармен әңгімелесті. 100-ден астам адам қатысқан кездесу барысында РҚШ мүшелері кандидаттың еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтарына назар аударды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.