Түркістан облысы

Түркістанда облыс әкімінің қатысуымен тазалық акциясы өтті

«Дүниежүзілік тазалық күніне» орай бүгін Түркістан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған сенбілікке оның орынбасарлары, қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Ерлан Абдиев қатысып, түркістандықтармен бірге «Жібек жолы» саябағында ағаш екті. Тазалық шарасына 1 мыңға жуық түркістандық белсене атсалысты.

Облыс әкімі табиғат жанашырларына алғысын айтып, барша жерлестерді табиғатты аялауға, тазалық сақтауға шақырды. Тек қана сенбілік есебінде аталып өтпей, жүйелі түрде жасалатын іс болуы керек екенін айтты.

Облыс аумағында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, кәсіпкерлер, қала тұрғындары мен еріктілер белсенділік танытып, жалпы 30 мыңға жуық адам қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосуда. Сенбілікте саябақтар мен гүлзарларға екі жүзге жуық қылқан жапырақты ағаш отырғызылды. Оларды болашақта бағып-күтуге арнайы мекеме бекітілді. Көгалдандыру жұмыстары жаппай жүргізіліп жатыр.

«Дүниежүзілік тазалық күні» — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелер қоқыстардан тазаланады. Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықты экологиялық сауаттылыққа баулу.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

1 Пікір

1 Пікір

  1. Үсіпхан

    27.03.2023 at 21:04

    Құрметті Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мырзаның назарына. Біз Жетісай тұрғындарының атынан Сізге өтініш айтамыз. Біз Еңбек биржасында жұмыс істейміз. Біздің қолымызға тиетін жалақымыз 56.300тенге.Ал Шардара ауданының еңбек биржасында істейтіндер 69.00мың тенге алады. Неге олай?

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.