Түркістан облысы

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, жыл басынан бері 7 айда Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құрады, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ал нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда +4,4%-ға ұлғайды.

Жалпы егін саласында жиын-терім науқаны уақтылы ұйымдастырылып, астық мерзімінде жиналып алынды. Мал шаруашылығында ет, сүт өндіру және тауық жұмыртқасы былтырмен салыстырғанда сәйкесінше 0,6%-ға, 1%-ға және 10,6%-ға артық болып қалыптасты. Шетелге 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз экспортталған.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде ауыл шаруашылығы саласы өкілдеріне семинарлар өткізіліп келеді. Семинарларда кәсіпкерлерге, шаруаларға жаңа технологияларды енгізу жолдары түсіндіріліп, нәтижесінде тамшылатып және жаңбырлатып суғару тәсілдері кеңінен қолданысқа енгізілді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.