Түркістан облысы

Түркістан облысында ветеринарлар семинарда тәжірбие алмасты

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы және басқармаға қарасты «Ветеринарлық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұйымдастыруымен облыстық семинар өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Семинарға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербұлан Жәнібеков пен ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Базарбек Омаров және ветеринария саласының мамандары қатысты. Мақсат – ветеринариялық шараларды сапалы атқару және төрт түліктен таралатын жұқпалы аурулардың алдын алу, тәжірибе алмасу және жұмыстарды жүйелеу.

Ветеринария саласының мамандары жұқпалы аурулардың алдын алу, оны таратпау бойынша тәжірибе алмасты. Сонымен бірге кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары мен үй жануарларынан қан сынамаларын алу жолдары көрсетілді. Төрт түлікке вакцина салу ісі де түсіндірілді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Б.Омаровтың айтуынша, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қолдауымен аталған салаға жіті көңіл бөлініп келеді.

Былтыр ветеринариялық іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аудан, қаладағы ветеринариялық ұйымдарға арнайы жабдықталған 16 бірлік УАЗ фермер автокөлігі, биопрепараттарды сақтауға арналған 16 камералық тоңазытқыш, 178 бірлік витриналық тоңазытқыштар, 814 бірлік термочемодан, 366 бірлік ит ұстауға арналған ілмектер және 390 бірлік компьютер жиынтығы алынған. Техникалық базаны нығайту мақсатында жасалған іс-шара өз нәтижесін беріп, ветеринария саласына оң ықпал етті.

Өңірде сібір жарасы ауруының алдын алу бағытында ірі қара малға 998 мың бас екпе салынған. Сібір жарасы ошағы аумағын жыл сайын жоспарлы залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Энзоотиялық аурулардың алдын алу мақсатында 2022 жылға қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынып, көктемгі кезеңге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Күзгі кезеңге де мамандар тиісті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Айта кетейік, Ветеринария – жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, мал дәрігерлік сараптау және тексеру арқылы санитарлық тұрғыдан таза жануарлар өнімдерін өндіру нәтижесінде, адамзатты антропозооноз (адамға жұғатын) ауруларынан сақтау, сыртқы қоршаған ортаны қорғаудағы ветеринарлық-санитарлық проблемаларды шешу мәселелері туралы ғылыми ілім. Жануарларды емдеу туралы көне мәліметтер 4 мыңыншы жылдардан бері белгілі. Ветеринарияның дамуы медицина, биология, химия, физика және т.б. табиғаттану ғылымдарының дамуымен тікілей байланысты. Ветеринарияның ғылым ретінде қалыптасуына К. Алкмеон, Гиппократ, К. Гален, К. Буржела, Э. Дженнер, В. И. Всеволодов, К.И. Скрябин, С.Н. Вышелесский және т. б. ғалымдар атсалысқан. Ветеринария — қалыпты анатомия, гистология, физиология, биохимия, патологиялық анатомия және физиология, ветеринарлық микробиология және вирусология, эпизоотология, паразитология, ветеринарлық санитария, ветеринарлық-санитарлық сараптау, клиникалық анықтау (диагностика), емдеу (терапия), хирургия (оташылық), фармакология, жануарлар гигиенасы, ветеринарлық акушерлік және гинекология сияқты ғылыми салаларды біріктіреді. Ветеринарияның алдыңда тұрған кезек күттірмейтін мәселелер: жануарларды жұқпалы аурулардан қорғаудың жаңа әдістерін (оның ішінде вирусты және гельминтозды — құрт ауруларды) табу, осы аурулардан адамзатты қорғау, елі- міздегі ветеринарлық жағрапияны зерттеу арқылы жұқпалы аурулар таралуының алдын алу, шаруашылық қожалықтарындағы малдарды жұқпалы аурулардан сақтау және ауырған малды емдеу, сөйтіп, мал басының көбеюіне тікелей ықпал ету.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.