Түркістан облысы

«AMANAT»: Қоғамдық кеңестің жиынында ауыл мектептерінің білім сапасы талқыланды

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жиынға Парламент мәжілісінің депутаты, кеңес төрағасы Жұлдыз Сүлейменова төрағалық етті. Сондай-ақ отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары Қайнар Абасов, Ғани Ташқараев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы және кеңес мүшелері қатысты.

Жиын барысында Түркістан облысы аумағындағы жаңа мектептердің құрылыс қарқыны, аяқталған білім ошақтарын пәндік кабинеттермен жабдықтау, «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерін дамыту жайы сөз болды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұлдыз Досбергенқызы:

-Түркістан облысы – еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан өңір. Мәселен, халық саны көп өңірлердің бірі Маңғыстау облысының өзінде мемлекетке қарасты 150-ге жуық білім ұясы болса, оңтүстік өңірде олардың саны 900-ден асып жығылады. Сол себептен де мектептердің санын көбейту және ескі білім ұяларын кезең кезеңімен күрделі жөндеуден өткізу күн тәртібіндегі басты мәселе. Сондай-ақ ауылды жерлердегі мектептердің білім сапасын арттыруға, замануи технологиямен жабдықтауға күш салуымыз қажет. Яғни, елді мекендердегі білім беру деңгейін қалалық мектептермен теңестіруіміз керек,- деді.

Ал, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы өңірде білім саласының инфроқұрылымына байланысты атқарылып жатқан істер жөнінде баяндады. Оның айтуынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында 2025-жылға дейін өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында 199 білім ошағының құрылысын жүзеге асыру жоспарланған.

-Биыл облыста 59 мектептің құрылысын жүргізу үшін 20,7 млрд. теңге бөлінді. Осы жылы бюджет қаржысы есебінен құрылысы жүріп жатқан 21 мектепті қолданысқа беру көзделген. Оның 5-еуі жаңа оқу жылында табысталып, 16 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталмақ. Осы негізде 3 апатты және 1 үшауысымды мектептің мәселесі шешімін таппақ-, деді басқарма басшысы.

Сондай-ақ биыл аймақтағы 21 ауылдық мектептерді 63 пәндік кабинетпен қамтамасыз ету бекітілген. Нақтырақ айтсақ, оқушылар үшін арнайы физика, химия, биология кабинеттерін ашуға конкурстық құжаттар рәсімделуде. Кеңес отырыс барысында мектеп мәселесінен бөлек облыстық мәслихат депуттаттарының білім саласына қатысты, жекеменшік балабақшаларға қатысты ұсыныстары тыңдалды.

Фото: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.