Түркістан облысы

Кентауда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алған

0
(0)

Кентауды қауіпсіз қалаға айналдыру үшін жан – жақты жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Кентау қаласының әкімі Даурен Махажанов қала тұрғындарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды жүзеге асыруға тапсырма берді. Мәселен, жаңа бағдаршамдар, жасанды жол кедергілерін орнату мен жаяу жолаушылар өткелін салу жұмыстары.

Бүгінде аталған жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Биыл осы мақсатта қалада жалпы 11 көшенің қиылысына 160-қа жуық бағдаршам орнату мен маңызы бар орталық 21 көшеге жаяу жолаушылар өткелін салу жоспарланып отыр.

Бүгінде барлық бағдаршамдар орнатылып, қаланың 4 көшесінің қиылысындағы бағдаршамдар дыбыстық жүйеге қосылған.

Бұдан бөлек, 21 көшеге жаяу жолаушылар өткелінің он бір сызбасы (зебра) сызылса, қалған оны осы айдың соңына дейін аяқталады.

Айта кетейік, жыл басынан бері Кентау қаласының жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шаралар негізінде қала аумағындағы жол апатының саны азайған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button