Түркістан облысы

Оқушыларға арналған «Жас лидер академиясы» атты бағдарламасы басталады

0
(0)
Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Жас лидер академиясы» бағдарламасын іске қосуда. Бағдарламаның мақсаты – 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету.
Қарым-қатынас дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту – мұның бәрі балаларға «Жас лидер академиясы» бағдарламасында оқытылатын болады.
«Жас лидер академиясында» оқуды бірінші болып Шымкент, Түркістан қалалары мен Түркістан облысының 5-11 сынып оқушылары бастайды, бұл 15000-нан астам бала. Алдағы бес жыл ішінде бағдарламаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады, ал бағдарламаның жалпы бюджеті 5 миллион АҚШ долларын құрайды.

«Белсенді азаматтық ұстанымы мен заманауи көзқарасы бар жас көшбасшылар – уақыт талабы. Сондықтан, ғаламдану жағдайында жас ұрпақтың бәсекелестік артықшылыққа ие болуы мақсатында қазіргі заманғы жастардан мықты көшбасшыларды тәрбиелеу өте маңызды», – деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шукеев.

Оқушыларға қарым-қатынас, критикалық ойлау негіздерін, көпшілік алдында сөйлеу және келіссөз жүргізу дағдыларын тиімді пайдалануды үйретеді. Факультативті сабақтар, ай сайынғы кездесулер, шеберлік сыныптар, танымал тұлғалардың қатысуымен көшбасшылық тренингтер және үздік оқушылар марапатталатын жыл сайынғы конференциялар жоспарланған.
Жас, табысты қазақстандықтар – Әли Оқапов, «Mezzo» тобы және Дана Ақылбекова бағдарламаны қолдап, лидерлік қасиеттерді дамытудың маңыздығы туралы ойларымен бөлісті:

«Балалар «Жас лидер академиясына» қосылу үшін жаңа оқу жылының басталуын асыға күтеміз. Бұл кешенді бағдарлама арқасында біз бірнеше жылдан кейін жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымы бар, көздері ашық, өздерін көрсете білетін, дарынын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге жариялай алатын көшбасшылар тобын қалыптастырамыз», – деді Марат Айтмағамбетов, Болат Өтемұратов Қорының директоры.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button