Түркістан облысы

Түркістан: Жетісайда 80 шақырымға жуық жол жөнделеді

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Жетісай ауданында тұрғындардың жол қауіпсіздігі мен жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында автомобиль жолдары саласын дамыту ісі кеңінен қолға алынып отыр, деп newsroom.kz хабарлайды.

Нақтырақ айтар болсақ, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Жылы су, Мақталы, Баққоныс, Байқоныс, Алтын кемер елді мекендерінде жалпы ұзындығы 32,8 шақырымды құрайтын 38 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оның 20 көшесі бүгінгі таңда қолданысқа берілген.

Одан бөлек елді мекендерде жалпы ұзындығы 19,6 шақырымды құрайтын 27 ішкі көшеге 416,9 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылса, 13,15 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 1 автомобиль жолына күрделі жөндеу, 3 автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы 7,47 шақырым елді мекендердегі 17 ішкі көшеге жүргізілген ағымдағы (тас төсеу) жөндеу жұмыстары аяқталып, 8 көшеге 8,8 шақырымды құрайтын аяқжолдар салу жұмыстары жүргізілуде.

Елді мекендердегі 2 көше қиылысына бағдаршам қойылып, Жетісай қаласында 6 дана бейнебақылау камералары орнатылған.

Жетісай қаласы тұрғындарының электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында алдағы уақытта 80 га аумақта 110/35/10 кВ қосалқы станциясының құрылысы жүргізілетін болады. Қосалқы станция қала аумағындағы 12 көпқабатты 440 пәтерлі үйлерді, яғни, 1842 абонентті сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етуге қауқарлы. Сол арқылы тұрғындардың электр қуатына деген сұраныстары толық қанағаттандырылып, әлеуметтік жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік жасалады.

Айта кетейік, 12-тамызда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жетісай ауданы тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдап, өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берген болатын.

Өңір басшысы алдыңғы кездесу нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, ел көтерген мәселелер шешімін тауып жатқанын жеткізді.

– Биыл сәуірде өздеріңізбен кездесіп, тұрғындарды толғандырып жүрген әлеуметтік және басқа да өзекті мәселелерді талқыладық. Жалпы халықпен кездесу мен жеке қабылдау барысында 30-дан аса мәселе көтерілді. Оның басым бөлігі өз шешімін тапты. Жетісай қаласындағы 5 қабатты 6 тұрғын үйдің ауласын абаттандыру үшін қаржы бөлінді. Биыл құрылыс жұмыстары басталады. Ж.Ералиев ауылдық округінің елді мекендерінің ауыз су жүйелері мен су өлшеу шкафтарын, Ғ.Мұратбаев елді мекенінің ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы қарастырылып, жұмыс басталып кетті. Жылы су ауылдық округіне қарасты облыстық маңызы бар КХ – 9 автомобиль жолының бойынан ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын аяқ жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Қыркүйекте жол тапсырылады. Республикалық бюджеттен Қарақай ауылдық округінде «Жетісай» газ тарату стансасын (АГТС) салу үшін тиісті қаржы бөлінді, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Қазір Жетісай ауданында жалпы құны 3,7 млрд. теңге құрайтын 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 1 нысан пайдалануға тапсырылады, 3 нысан 2023 жылға өтпелі. Тұрғындарды үймен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай қаласында 5 тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Биыл пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, Жетісай қаласы аумағында 80 га жер теліміне инженерлік инфрақұрылым яғни, газ және кәріз жүйесін тарту жұмыстары жүріп жатыр. Ауданның инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту мақсатында 3 елді мекенді ауыз сумен қамту жұмыстары басталған. Нәтижесінде Мақталы ауылдық округі, Мақталы елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіледі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша 35 жоба іске асып жатыр. Бұл – ауданның инфрақұрылымын дамыту әрі жақсарту бағытындағы жұмыстың күшейгенінің белгісі.

Кездесу барысында өңір басшысына әлеуметтік нысандар салу, АӘК алу, әлеуметтік жағдайды жақсарту бағытында сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Одан кейін өңір басшысының жеке қабылдауында да тұрғындар өз ұсыныстарын айтып, мәселелер көтерді. Әрбір ұсыныс назарға алынып, заң аясында жұмыс жүргізіледі.

Осы жұмыс сапарында облыс әкімі Ж.Ералиев ауылдық округіндегі «Нұралы жол-Ж» шаруа қожалығының мақталық алқабының жұмысымен танысты. 500 гектарға жуық жері бар шаруа қожалығында биыл 180 гектар мақта, 277 гектар бақша дақылы, 30 гектар жоңышқа, 10 гектар дәндік жүгері егілген. 60-қа жуық адам жұмыспен қамтылған. Шаруа қожалығында шаруалармен кездескен Ө.Шөкеев егістікті әртараптандыру, ағын суды үнемдеу, тамшылатып суғару және жаңбырлатып суғару технологиясын кеңінен енгізу жөнінде пікір алмасты.

Биыл аудан бойынша жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болса, оның ішінде мақта 49,5 мың гектар алқапты қамтып отыр. Өңірде отандық және Түркия, Өзбекстан мен Қытай елдерінен тасымалданған 1626,3 тонна шит дайындалған. Өнімділік деңгейін арттыру үшін зиянкестермен күрес шаралары мен жаппай суғару жұмыстарына арнайы бірнеше семинар-жиындар жүргізілген.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.