Түркістан облысы

Президенттік жастар кадр резервіне 88 үміткер құжат тапсырды

0
(0)

Президенттік жастар кадр резервіне Түркістан облысынан 88 үміткер құжат тапсырды, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Президенттік жастар кадр резервіне Түркістан облысынан 88 үміткер құжаттарын тапсырып үлгерген. Кандидаттардың құжаттары 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін pkrezerv.gov.kz сайтында қабылданады. Іріктелуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

1 қыркүйекте Президент жанындағы жастар кадрлық резервіне екінші іріктеу басталды. Елдің мемлекеттік сектор резерві қатарына 50 адам қабылданады деп жоспарлануда. Іріктеудің басым көпшілік кезеңдері онлайн форматта өткізіледі. Резерке алынған тұлғалар саяси лауазымдарға, «А» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына және «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындалуы мүмкін. Резервтің құрамында болу мерзімі 3 жылды құрайды.

Іріктеудегі жаңашылдығы – үміткерлер мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін растауы қажет. Ол ұлттық стандарттарға сәйкес орташа деңгейден (В1) төмен болмауы тиіс. Үміткерлердің мемлекеттік тілде мәтін құруы, өз пікірін дәлелді түрде жеткізуі және қарапайым диалог жүргізе алуы керек. Және осыған дейінгі іріктеуден айырмашылығы, кадрларды іріктеу процесі тек қажетті білімді, дағды мен қабілетті ғана емес, сонымен қатар үміткерлердің шынайы мотивтері мен олардың ниеттерін бағалайтын болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button