Түркістан облысы

Түркістан мектептерінің 100 пайызы «Ашық» жүйесіне қосылды

0
(0)

Түркістан облысындағы мектептердің 100 пайызы «Ашық» қосымшасымен жұмыс істейді. Осылай деген облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов білім ұялары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматқа, яғни офлайн дәріске көшетіні туралы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz.

Алайда, күнгей өңірдегі интернеттің әлсіздігі ашық жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін екенін жасырмады. Ал, мұндай жағдайда мектепке вакцина паспортын көрсету арқылы кіруге болады дейді.

«Бізде 56 пайыз Түркістан облысында интернетпен қамтамасыз етілмеген, әлсіз. Ондай жерлерде дәстүрлі түрде вакцинациясымен паспортты қарап санитарлық нормаға сәйкес кіргізе береміз балаларды. Негізі былттыр да біз 180 мектепті дәстүрлі түрде оқытқанбыз. Сол күйінде солай оқыта береміз», дейді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Қазіргі таңда облыс бойынша 78 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Әрі биыл өңірдегі 2 апатты және бір үш ауысымды білім ұяларының мәселесі шешімін табады. Қалған 7 апатты және үш ауысымды мектеп құрылысы 2023 жылға жоспарланып отыр дейді сала жауаптылары. Сондай-ақ биыл біріңғай мектеп формасы қажет емес екендігін атап өткен облыс әкімінің орынбасары оқушының киімі классикалық үлгіде болуы шарт екенін ескертті.

Айта кетейік, балалар қауіпсіздігін күшейту мақсатында облыстағы 400 мектепке толығымен бейнебақылау орнатылыпты. Енді білім ұяларындағы қауіпсіздік тікелей тәртіп сақшыларының бақылауында болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button