Түркістан облысы

Түркістан: Соңғы тәулікте КВИ-дің 108 жағдайы анықталды

0
(0)

Түркістан облысы ахуал матрицасы бойынша «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймаққа өтті. Мұнда соңғы тәулікте КВИ-дің 108 жағдайы анықталды. Тәуліктік өсім 0.89% құрайды. Бүгінде инфекциялық стационарларда 3600 орын бар, 1678 төсек орын бос.

Қазір коронавирустық инфекциямен 211 науқас ем қабылдап жатыр. Пандемия басталғалы індеттің 11 676 жағдайы тіркелді. Оның 6674-де симптом байқалмаған. Жалпы екпе науқаны басталғалы өңірге 683 960 доза вакцина жеткізілді. Қазір бірінші компонентпен 679 405 адам вакцина салдырды. Ал екінші құрамды 503 329 адам қабылдады.

Айта кетейік, пандемия басталғалы 9 891 науқас індеттен толық айыққан. Жалпы 944 114 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 2075 адам тексеруден өткен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button