Түркістан облысы

Түркістан: Төлебилік тұрғын 1000 бас күркетауық өсіруде

0
(0)
Төлеби ауданы Кемеқалған ауылдық округі Әңгірата елді мекенінің тұрғыны Толыбаев Рустем Абайұлы құс шаруашылығын дамытуды қолға алған. Кәсіпкер бұл мақсатта «Қанат» ЖШС-н іске қосып, 5,6 га жеріне 1000 бас күркетауық өсіруде, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
«Құс шаруашылығы – қазіргі кездегі ең табысты кәсіптердің бірі. Күркетауық өсіру – қиын шаруа емес, әрі пайдалы. Құсты күтіп-бағу үшін таза ауа, нәрлі тағам, ішетін суы таза болуы керек. Үй жағдайында күркетауықты ұстауға арналған аймақ үлкен болғаны дұрыс. Себебі, күркетауықтар шексіз кеңістікте өмір сүруді жөн көреді. Сонымен қатар, «тауық синдромына» байланысты жұмыртқаны алу үшін оны ұядан шығаруға тура келеді. Бұдан бөлек, диетадағы дәрумендердің дұрыс болмауы немесе жетіспеуі әр түрлі ауруларға әкелуі мүмкін. Егер бәрі дұрыс жасалса, құстардың еті мен жұмыртқасы көп болады», – дейді кәсіпкер.
Бүгінгі күні шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, маусымдық кезеңде 15 адам еңбек етеді . Алдағы уақытта күркетауық санын арттырып, күркетауық етін өндіруді жоспарлауда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button