Түркістан облысы

Түркістан: «Аshyq» қосымшасымен жұмыс істейтін мекемелер саны 400-ге жуықтады

0
(0)
Түркістан облысында «Ashyq» қосымшасында келушілер саны бойынша жоғары деңгей көрсеткен қоғамдық орындар «Ashyq көшбасшысы» мәртебесіне ие болады. Бұл нысандар өңір «жасыл» аймақта болғандықтан жұмыс режимін қосымша 2 сағатқа ұзартып, нысанды толтыруды 10%-ға арттыра алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.
Қазіргі таңда өңірдегі кәсіпкерлер арасында жобаға қатысушылар саны артып келеді. Жалпы өңірлік палатаға 500-ге жуық өтінім келіп түскен. Оның 400-ге жуығы қосымша бойынша жұмыс істеу үшін QR-код алған.
«Ashyq қосымшасын толыққанды пайдаланып жатқан қоғамдық орындар облысымыздағы ең қауіпсіз нысандар деп айта аламыз. Бүгінде өңірімізде тіркелген «чек-ин» саны бойынша көшбасында тұрған 5 қоғамдық орын анықталды. Олар Түркістан қаласындағы әуежай мен «Top Tobe» банкет залы, Сайрам ауданында орналасқан «DIAMOND» кешені, «Рандеву Сити» курорты және «Kinopark» кинотеатры», – деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков.
Мобильді топ және аумақтық полиция басқармалары қызметкерлері тарапынан карантин режимін бұзып жұмыс істеген объектілерге және жеке тұлғаларға 3000-ға жуық әкімшілік хаттама толтырылған. Тарқатып айтқанда, 2 652 жеке тұлғаға 30 АЕК, 93 жеке кәсіпкерге, 5 заңды тұлғаға және 27 лауазымды тұлғаға 230 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышановтың айтуынша, жалпы айыппұл соммасы 160 084 000 теңгені құраған.
Баспасөз мәслихатында сөз алған облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова өңірде 25-сәуірден бастап отандық «QazVac» екпесін егу басталғандығын айтты. 2000 адамға 1-доза, 906 адамға 2-доза екпе егілген. Ал, мамыр айында «Hayat-Vax» вакцинасының 43 000 адамға 1-дозасы, 18 883 адамға 2-дозасы егілді. Маусым айында жеткізілген «CoronoVac» екпесінің 23 000 дозасын 9 386 адам салдырған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button