Түркістан облысы

Түркістан: Отырар ауданында дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр

Отырар ауданы аумағындағы масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында дезинсекциялық жұмыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды newsroom.kz.

Дизинфекциялау жұмыстарына «SATTI TULIK» ЖШС-ның 12 арнайы маманы мен 5 техникалық көлігі, сонымен қатар 18 арнайы маман, 7 техникалық көлік, 2 су қайығы жұмылдырылған.

Аудан тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінген. Бүгінде су қорғау аймақтарын, яғни жағалаудағы ағаштардың бұталары мен елдімекен, демалыс аумақтарда химиялық инсектицидтер өңдеу әдісін қолдану арқылы тиісті дәрілеу жұмыстары атқарылып жатыр. Бұдан бөлек, Сырдария өзенін жағалай орналасқан Балтакөл, Маяқұм, Көксарай, Аққұм ауыл округтеріне қарасты елдімекендер мен Шәуілдір ауыл округіндегі Арыс өзенінің жағалауларында залалсыздандыру жұмыстары атқарылды.


Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Мамандардың айтуынша, аталған шаралар олардың санын 90 пайызға дейін жоюға және азайтуға мүмкіндік береді. Бұл орайда, дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу кезінде сақтық шараларын ұстану аса маңызды.


Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.