Түркістан облысы

Түркістан: Арыс қаласында тағы бір шеберхана ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Арыс қаласындағы вагон жөндеу депосы филиалының базасында вагон доңғалақтарын күрделі жөндеуден өткізетін шеберхана ашылды, newsroom.kz хабарлайды.

Сала мамандарының айтуынша, бұл республика бойыша 13-ші, ал оңтүстік өңірде іске қосылған алғашқы жөндеу шеберханасы.

Салтанатты жиынға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық пен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің «Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Аманкелді Арысбаев, «Қазтеміртранс» АҚ бас инженері Нұрлан Жүсіпов пен өзге де серіктес кәсіпорын басшылары және теміржол саласының майталмандары мен вагон депосының қызметкерлері қатысты.

Қала әкімінің орынбасары Қазақстандағы теміржол саласында Арыс қаласының алар орны ерекше әрі маңызы жоғары екендігін атап өтті. Бүгінде 270 адамды жұмыспен қамтып отырған бұл кәсіпорында жаңа өндірістік цехтың ашылуы нәтижесінде, тағы 25 адам тұрақты жұмысқа орналасады деп жоспарланған.

Жалпы, бұл шеберхана қызметі облыс аумағындағы теміржол саласында ғана емес, республика бойынша сұранысқа ие. «Astana Railways Services» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Мұсағитовтың пікірінше, мұндай кәсіпорынның Арыс қаласында іске қосылуы құптарлық жайт. Өйткені, қазіргі кезде Алматы мен Қызылорда облысының аралығын қамтитын теміржол шаруашылығында мұндай деңгейде қызмет көрсететін кәсіпорын жоқ.

Ал «Astana Railways Services» ЖШС Арыс вагон жөндеу депосы» филиалының директоры Әділхан Ибрагимов болса, шеберхана доңғалақ жұптарын күрделі жөндеуге арналған өндірістік стратегиялық нысан екенін тілге тиек етті.

Оның сөзінше, бұл жерде доңғалақ жұптары ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуден өткізіледі. Демек, ендігі жерде вагон паркі иелері доңғалақ жұптары мен вагондарды жөндеу үшін уақыт жоғалтпай әрі қосымша шығындалмай «бір терезе» қағидасымен қызметті тиімді пайдалана алады.

Салтанатты шара аясында кәсіпорын лентасы қиылған соң, қонақтар назарына шеберхананың жұмыс істеу процесі көрсетіліп, вагон жөндеу депосының тыныс-тіршілігі көпшілікке таныстырылды.

Айта кетейік, 600 шаршы метр аумақта орналасқан шеберханада үлкенді-кішілі 7 станок жұмыс істейді. Өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Жандос Жұмабаевтың айтуынша, вагон жөндеу депосында қазіргі кезде 270 адам еңбек етеді.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.