Түркістан облысы

Түркістан: Халыққа қызмет көрсету орталықтарын трансформациялау пилоттық жобасы табысты іске асуда

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, биылғы жылдың 13 мамырынан бастап жылдың соңына дейін облыс бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилоттық жобаны жүзеге асыруда, деп newsroom.kz хабарлайды.

Аталған пилоттық жоба Түркістан қаласы мен Отырар ауданында жұмыс істеп жатыр.

Мамыр және тамыз айларында Түркістан Фронт кеңсесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарымен 491 қызмет көрсетілді. Ал Отырар ауданында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» филиалында аудандық фронт-офистің 7 маманы 74 түрлі қызмет көрсетті. Аталған қызмет түрлері Жер учаскесін сатып алу-сату шартын жасау, Жерді жалдау шартын жасау, білім беру, денсаулық, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты мемлекеттік қызметтерді бір терезе қағидатымен жедел алуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, облыстық біріңғай «Түркістан-109» байланыс орталығы жұмыс жасауда. Тұрғындар тарапынан келген жиі қойылатын сауалдарға жауап беру мақсатында құрылған орталыққа қазіргі таңда күніне орта есеппен 150-200-ге дейін қоңырау түседі. Тұрғындар өтініштерінің уақытылы және толық жауап беруін қадағалау үшін, орталықпен байланысу 109 нөмірі, Whatsapp (+77011313109) арқылы өтініш беруге мүмкіндігі бар; Instagram (@turk.obl_109); Facebook (Байланыс Орталық); Aikey мобильді қосымшасы арқылы Түркістан және Кентау қалаларында іске асырылған.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.