Түркістан облысы

Түркістан: мемлекеттік қызметкерлер таңғы жаттығуға шықты

Түркістан облысының мемлекеттік қызметкерлері ұдайы спортпен шұғылданып, салауатты өмірді ұстанады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, «Түркістан Арена» стадионында Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департементі қызметкерлері мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлері таңғы жаттығуын өткізді деп newsroom.kz хабарлайды.

Жаттығу соңы жолдастық футбол ойынымен жалғасып, екі команда өзара тартысты ойын өткізді. Тартысқа толы өткен матч 3:3 есебімен тең аяқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүзеге асқан шара жалғасын табады. Аталған шараның басты мақсаты – түрлі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы өзара бірлікті нығайта отырып, бұқаралық спортқа баулу.

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамытуға барынша жағдай жасалуда. Облыс орталығында салауатты өмір салтын ұстану, оны насихаттау, ұзақ қашықтыққа жүгіру, футбол, волейбол ойындары сынды іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.

Фото: Пресс-служба акима Туркестанской области

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.