Түркістан облысы

Кентауда ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өтті

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Кентау қаласына қарасты Қотырбұлақ елді мекенінде «Байсал Керім» демалыс орнында Кентау қаласының ішкі туризм саласын дамыту бойынша көшпелі семинар өткізілді деп newsroom.kz хабарлайды.

Семинарда Кентау қаласының туризм бағытын дамыту бойынша жан-жақты ақпараттар берілді. Алғы сөзді қала әкімі Рашид Аюпов бастап ашып берді. Қала басшысы Кентау туризмді дамытуға потенциалы мол өңір екенін атап өтті.

«Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ директоры А.Ниязов қорықтың туристік бағыттағы дамуы жайында баяндама жасады. «Кентау қалалық музейі» МКҚК директоры Ж.Жиренбаев Қазақстанда кен орындарына арналған музей екеу ғана болса, соның біреуі Кентау қалалық музейі екенін атап өтті. Музейдің бүгінгі таңдағы тынысы жайында мәлімет берді.

Түркістан облысы туризм басқармасының туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімінің басшысы Д.Асанхан «Туризм саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбы бойынша баяндады.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ өкілі Н.Азизов туризм бағытына берілетін несиелер мен субсидиялар бойынша мәлімет берді. Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Г.Ахбердиева «Түркістан облысының туризм саласының жағдайы» тақырыбында баяндама жасаса, «Open Turkistan» ЖШС бас директоры А.Абдримова Түркістан облысының туризм саласының басым бағыттарына тоқталды. Ал Кентау қаласы әкімдігі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы С.Нарбек Airbnb бағдарламасын қолдану жағы бойынша ақпарат беріп өтті.

Жиында туризм саласына қызығушылығы бар кәсіпкерлер тарапынан сұрақтар қойылып қажетті жауаптар берілді. Жиын соңында аталмыш демалыс аймағының басшысы Керімжан Сырлыбаев пен «Nad Al Shiba Investment» компаниясының өкілі, яғни инвестор арасында меморандумға қол қойды. Болашақта біршама адамды жұмыспен қамтитын демалыс аймағында 50 адамдық қонақүйі бой көтеріп, шомылу аймағы және атпен серуендеу секілді шаралар жүзеге асырылады деп күтілуде.

Жалпы, Кентау қаласы Қаратаудың етегінде орналасқан табиғаты ерекше қала. Мұнда туристік бағытта дамытамын дейтін кез-келген жанға мүмкіншіліктер көп. Жері қолайлы өңір.

Кентау қаласы бойынша туристік нысандары: «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, қалалық музейі, Қарнақ ауылындағы Шаммат Ишан мешіті, 1000 жылдық тарихы бар Тұт ағашы. Қала әкімдігі туризм саласындағы өміршең және ерекше жобаларды жүзеге асыруға ниетті инвесторлармен әріптестік орнатуға әзір.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.