Түркістан облысы

Келестік ауылдың көшелері толықтай жөнделеді

Келес ауданы Ошақты елді мекенінің жолдары 97 пайызға жаңарады, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жасалып жатқан ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Ондағы Қошқарата және Ошақты ауылдық округін аралап, атқарып жатқан жұмыстармен танысты. Бағдарлама аясында іске асып жатқан жол жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігерлерге нақты тапсырма берілді. Атап айтқанда жұмыс сапасы мен мерзімінен кешікпеуі, жұмысшылармен толық қамтамасыз етуін ескертті. Қошқарата ауылдық округіндегі Парасат және М.Әуезов көшелерінде болған аудан әкімі жергілікті бюджет есебіне атқарылып жатқан 5 шақырымдық шағал тас төсеу жұмыстарымен танысты. Жалпы ауылдық округінде жергілікті бюджет есебінен 5 көше жөнделеді. Оның біреуі орта жол жөндеу жұмыстары болса, 4 көшеге шағал төселеді.

Аудан әкімі Ошақты ауылдық округінде болып, “Ауыл – Ел бесігі” бағдарламасы бойынша Ошақты елді мекені орталығынан өтетін КХ-72 «Абай-Шардара» облыстық маңызы бар автомобиль жолының бойын абаттандыру жұмыстарын бақылады. Жалпы 2,8 шақырым жолға аяқжол, суағар, жарық шамдары, екі демалатын орын, орындықтар және қоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған. Қазіргі таңда аяқжол, суағар орнату жұмыстары және жарық шамдарды орнату үшін қазу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы Ошақты ауылдық округінде 9 көше “Ауыл – Ел бесігі” абаттандырылса, 6 көше жергілікті бюджетпен жөнделеді. Жыл соңына дейін ауылдық округі Ошақты елді мекенінің жолы жөнделген көшелерінің көрсеткіші 97 пайызды құрамақ.

Айта кетейік биыл Келес ауданы бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ошақты ауылдық округінің Ошақты елді мекеніне және Біртілек ауылдық округінің Жолбасшы елді мекені, Жүзімдік ауылдық округі Жүзімдік елді мекенінің ішкі автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жалпы 18 ішкі көшеге 29,9 шақырым жолды жөндеуден өткізу жоспарланды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.