Түркістан облысы

Түркістан облысында инфекциялық төсек – орындар екі есе азайды

0
(0)

Коронавирус науқастары азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр. Түркістан облысында инфекциялық төсек – орындар саны 3600 болса, бүгінде оның саны 2000-ға қысқарған. Бүгінде төсек – орын жүктемесі 33 % құрайды. Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценариіне байланысты инфекциялық төсек-орын санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Жалпы пандемия белең алғалы КВИ-дің 13 608 жағдайы анықталды. Оның 7138-і симптомсыз өткен, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, соңғы тәулікте COVID-19 індетінің 34 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0.25 % құрайды. Сондай-ақ, егу науқаны басталғалы 800 мыңнан астам адам вакцина салдырған. 87% көрсеткішпен Түркістан облысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан елімізде көш бастап тұр.

Егудің екінші компонентін 600 мыңнан астам адам қабылдаған. ІІ кезең бойынша вакцинациялау қамту пайызы – 67,8%. Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істейді. Жалпы бүгінге дейін 1 003 240 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1098 адам тексерілді.

Бүгінде вакцина сақтайтын қоймада көлемі 300 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш (-20оС) бар. Сонымен қатар,облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 дана мен 601 литр құрайтын 2 дана мұздатқыш сатып алынып, толық жеткізілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button