Түркістан облысы

Түркістан облысында 170 мың адам санаққа онлайн қатысты

Бүгінгі жағдай бойынша Түркістан облысында 2021 жылғы Ұлттық халық санағынан онлайн режимінде 167 948 респондент өтті, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 күннің қорытындысы бойынша Сайрам ауданы алда тұр. Онлайн санақтан өткен тұрғындардың 27 мыңға жуығы осы ауданда тіркелген. Екінші орында 21 мың адаммен Қазығұрт ауданы тұр. Үздік үштікті әр аудан 14 мың адаммен Түлкібас пен Ордабасы аудандары түйіндеді.

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының кезекті ұлттық санағы өткізілуде. Биылғы санақ өзгелерінен ерекше, яғни Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz мамындырылған сайтында тәулігіне 24 сағат бойы онлайн режимде өтуде.

Онлайн санақтан өтпегендер 1-30 қазан аралығында интервьюерлердің сауалдарына жауап бере алады. Барлық сауалдар бойынша 1446 байланыс орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.