Түркістан облысы

Түркістан облысында жол картасы өз деңгейінде жүзеге асырылып жатыр

0
(0)

Биыл сайлау кезінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Ол бағдарламада әр өңірдің ғана емес, әр аудан, қаланы дамытудың нақты жоспары жасалды.

Түркістан облысы бойынша 17 Жол картасы бекітілді. Таяуда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бюро отырысында Жол картасының орындалу барысын күн тәртібіне шығарып, мәселенің маңыздылығына тоқталды. Біз партия филиалы тарапынан Жол картасын зерделеу барысындағы жұмыстарды баяндадық.

Жалпы Түркістан өңірінде Жол картасы өз деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Жыл басынан бері 363,5 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп,  10541 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Бағдарламаға сәйкес,  өңірде 13 кәсіпорын ашылып,  1665 адам жұмысқа орналасты. Жол картасы аясында 7 жаңа мектеп, қосымша 4 білім нысаны ашылған.  Жалпы сайлауалды бағдарлама бойынша мектеп құрылысының басым бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Бұл – демографиялық өсімнің жоғары екенінің белгісі.

2021 жылы облыстық Жол картасы бойынша 110 индикатор жоспарланса,  оның 25-і орындалды, қалғандары бойынша жұмыс жүргізілуде. Аудандық, қалалық Жол карталарында жоспарланған 1418 индикатордың 668-і,  яғни,  47 пайызы жүзеге асып отыр.

Әрине сайлауалды бағдарламадағы жұмыстар өте ауқымды болғандықтан қиындықтар мен мәселелер де кездесуде. Біз бұл туралы да жасырмай айтып, аудан, қала әкімдерімен бірлесе жұмысты жалғастыратынымызды жеткіздік. Жол картасының орындалуы облыс әкімінің тікелей қадағалауында тұр. Себебі бұл – Түркістан облысының 5 жылға арналған даму бағдарламасы. Индикаторларды уақтылы, сапалы орындау арқылы елдің әлеуетін көтеруге мүмкіндік мол. Партияның жоспары нақты елге керек жобалардан құралған және ол уақтылы жүзеге асарына сенімдіміз.

 

 

Бейсен ТӘЖІБАЕВ,

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button