Түркістан облысы

Мақтаралда К-19 каналына су сорғыш орнатылуда

0
(0)

Мақтаарал ауанына қарасты Достық ауылдық округінде бірнеше жылдан бері ең өзекті мәселелердің бірі – К-19 каналына ағын су мәселесін жеткізу еді. Міне, аудан әкімі Бақыт Асановтың бастамасымен бұл мәселе де өз шешімін табуда, деп хабаралайды newsroom.kz. тілшісі Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1957 жылы салынған канал 4200 гектар жерге 4 м3/сек ағын су таратады. Достық магистралды каналы арқылы су көзін алатын К-19 каналының ұзындығы 11,93 км-ді құрайды. Канал толығымен монолитті темірбетонмен қапталған. Меншік иесі – «Қазсушар» РМК.

К-19 каналы жоғары орналасуына байланысты егістік алқаптарын суғаруға қажетті су көлемі жетіспеушілігі мәселесі талай жылдан бері туындап келеді. Жергілікті тұрғындар бұл өзекті мәселе жөнінде аудан әкімінің қабылауында көтеріп, есептік кездесуінде мәселені шешіп беруді сұраған болатын.

Достық магистралды каналының арнасынан биікте орналасқандықтан, жазғы су беру науқаны кезінде каналға ағын суды уақытылы жеткізу үшін Достық каналының деңгейін жоғары ұстау арқылы ғана шаруаларға қажетті ағын су беріліп келген. Аудан әкімінің тапсырмасымен бұрын орнатылған дизельдік су сорғыштардың жарамсыздығы анықталып, тез арада электрлі су сорғыш қондырғысын орнату және электр энергиясымен қамтамасыз ету қажет деп танылған. Мәселені шешу үшін каналға қуаттылығы 0,8 м3/сек 4 дана электрлі су сорғышын орнату керек болатын.

Кейіннен электрлі сорғыш орнатуға аудан әкімінің қаулысымен арнайы 1,6 гектар жер телімі бөлініп, «Қазсушар» РМК ТФ тарапынан мемлекеттік акт алынған. Мәселенің өзектігі ескеріліп, бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК ТФ қуаттылығы 0,5 м3/сек 2 дана электрлі су сорғыштарын орнату жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, К-19 каналына ағын суды жеткізіп беруге d=500 мм құбырлар тартылуда.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button