Түркістан облысы

Делегат пікірі: Билік бұқараға жақын болуы керек!

5
(1)

Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен “Nur Otan” партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті есеп-беру сайлау конференциясы болып өтті. Күн тәртібінде 5 бірдей мәселе қаралып, бірқатар басқарма басшыларының есебі тыңдалды.

Конференцияға облыс орталығынан офлайн және аудандардан онлайн 148 делегат қатысты.
Күні кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев рухани астанаға сапары барысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің жұмысына оң баға берген болатын.
Өңір басшысы өз сөзінде “Түркістанның дамып, өркендеп жатқаны – “Nur Otan” партияның арқасында. Партиясыз ешқандай жұмыс атқарылмас еді” – деді.

Сондықтан да “Nur Otan” партиясының 2025 жылға дейінгі “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру туралы нақты міндеттерді тапсырды.
Партияның ең негізгі мақсаты – халықпен жұмыс жасау. Әкімдер қай жерде, қандай қиындық барын дер кезінде біліп, мәселені шешу керек, – деді.
Сондай-ақ қарапайым халық үшін шарапаты мол “Қамқорлық” бағдарламасын қайта жаңғыртуды тапсырды.Ауылшарушылық өнімдерін 2-3 есеге ұлғайту, бір жерден бірнеше рет өнім алу үрдісін дамытуды міндеттеді.

Су шығыны төмен, өнім көлемі жоғары болуы тиіс. Ол үшін жаңа технологияны пайдалану керек, – деді.

Елбасы жүктеген міндетті сеніммен атқарып келе жатқан Өмірзақ Естайұлы бір орында тұралап қалуға болмайтындығын алға тартты. Айтуынша, Түркістан қаласын тамашалауға мереке күндері 7000-ға жуық адам келген. Бұған дейін бұл көрсеткіш 1500 адамға әрең жетіп отырған. Сондықтан да туристтер үшін барынша қолайлы жағдай жасау керектігін айтты.

Қазір пандемия әлем елдеріне, оның ішінде Қазақстанға да оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ біз еліміздегі жетекші саяси күш ретінде мемлекеттің дамуына үлес қосуымыз керек. Бұл ретте баршаңызға жауапкершілік жүктеліп отыр. Сайлауалды бағдарламаны орындау – біздің міндетіміз. Сондықтан жол картасын жанашырлықпен атқаруды талап етемін», – деді Ө.Шөкеев.

Дулат ӘБІШ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button