Түркістан облысы

Түркістан облысында “Ауыл аманаты” жобасы аясында арнайы топ жұмысын бастады

Түркістан облыс әкімдігі жанынан құрылған екі арнайы топ мүшелері жұмысына кірісті.  Әуелі Түлкібас, Созақ аудандарында болып, шаруалармен кездесті, деп Newsroom.kz хабарлайды.

Топ құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы,«Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары бар. Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, «Қазақстан Хылық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалы,«Jusan bank» Түркістан филиалы,«Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ

«Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері топ құрамында.

Жиында мамандар “Ауыл аманаты” жобасының мақсат-міндеті айтылды. Кездесуге қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болатыны, коорперативті не үшін құру қажеттігі, техниканы лизингке алу тетіктері айтылды.

Айта кетейік, жоба аясында жеке кәсіппен айналысып, кооператив құрамын дегендерге 2,5 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар, ауышаруашылық техникасын алуға лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар бөлу тағы бар.

Жобамен танысқан шаруалар толғандырған сауалдарына жауап алып, өздерінің бизнес жоспарларымен бөлісті.

Арнайы топ жиыннан соң азаматтарды жеке қабылдап, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады.

Мамандар әр мәселе заң аясында шешімін табатынын айтып,  тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Арнайы топ мүшелері 13-17 ақпан аралығында облыстағы барлық аудан, қалаларды кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.