Түркістан облысы

20 қараша – ел тарихындағы елеулі күн

2022 жылы 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлау күнін белгілейтін жарлыққа қол қойды.

Алдағы сайлауда жеңіске жеткен кандидат елді жеті жыл басқармақ және ол ең жоғары лауазымды қызметті бір-ақ мерзім атқарады, қайта сайлана алмайды.

Елдің ішкі және сыртқы сын-қатерлерге лайықты жауап беру мүмкіндігі, қоғамның біртұтастығы, мемлекеттің тұрақтылығы – бірқалыпты және тұрақты саяси жүйеге байланысты. Сайлау туралы білу және сайлауға қатысу ҚР-ның әрбір азматының міндеті және борышы деп санаймын.

Себебі сайлауға қатысу арқылы біз халық билігінің орындалуына, ел алдындағы саяси міндетіміздің бірін орындауға үлес қосамыз.

Әрбір азаматтың саяси құқығы мен жауапкершілігінің жоғары болғаны дұрыс. Сайлаудағы әрбір дауыстың қажеттілігі мен маңыздылығы бар. Ендеше сайлауға қатысуда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымымыз бен міндетімізді орындайық.                                                                        

Ержан МАХАШОВ,

Түлкібас ауданындағы Т.Рысқұлов ЖОМ директоры

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.