Түркістан облысы

Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы бастамаларды оң бағалады

Жекеменшік мектеп салудан Түркістан облысындағы Сайрам ауданы көш бастап тұр. Ақсукент ауылында бүгін 1200 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл – бір ғана Сайрам ауданында жеке кәсіпкерлер тарапынан 7 айда салынған 7-ші мектеп. Бұдан бөлек, Манкент ауылында 600 орындық жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы сайрамдықтармен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлім етті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Айқындаған міндеттер мен жоспарларды баяндаған облыс басшысы «Мемлекет басшысы жүктеген жауапкершіліктерді сезініп, барлық бастамаларды лайықты жүзеге асыруға міндеттіміз», деді. Тұрғындар көтерген ұсыныстардың орындалу барысын баяндады. Олар кезең-кезеңімен шешімін табуда.

– Түркістан облысындағы ең ірі аудандардың бірі Сайрамның әлеуметтік – экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Ауылдарды дамытуға басты басымдық беріледі. Жаңа ғана мен ауданда салынған жаңа мектептің ашылуында болдым. Жекеменшік мектеп салудан Сайрам көш бастап тұр. Бұл – үлгілі іс. Мектеп тапшылығын шешу үшін биыл облыста 59 жаңа мектеп салынып жатыр. Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы аясында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында жаңа форматтағы 86 мектеп салынады. Онда 60 мың бала білім алатын болады. Бұдан бөлек, Манкент елді мекенінде, Ақсу, Ақбұлақ ауылдарында 3 жаңа 600 орындық мектептердің құрылысы жоспарлануда, – деді облыс басшысы есептік кездесуінде.

Аудандағы «Ақсу-Манкент-Жібек-Жолы» автомобиль жолдарына жалпы құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған. Көпқабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйелері жаңартылады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында биыл Сайрам ауданындағы 7 елді мекенде жалпы құны 1,1 млрд. теңге құрайтын 7 жоба іске асырылуда. Инженерлік инфрақұрылым жүйесін дамыту үшін ауданда 7 бюджеттік инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Аудан тұрғындарының 220 мыңнан астамы ауыз сумен қамтылса, ал 80%-ға жуығы табиғи газбен қамтылған. Алты ауылда орталықтандырылған газбен қамту бойынша жалпы құны 5,1 млрд. теңгені құрайтын 4 жоба жоба жүзеге асырылуда.

Аудандық маңызы бар 6 жолды және 2 көпірді күрделі жөндеу жұмыстарына 2,4 млрд. теңге бөлінді. Биыл ауданда мемлекеттік қолдауымен 4 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да жалғасын табады.

Сайрамдықтармен еркін пікір алмасып, өтініштер мен сұрақтарға жауап берген облыс әкімі Дархан Сатыбалды барлық мәселенің заң аясында жүзеге асатынын атап өтті. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сайрам ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі жеке кәсіпкер Н.Сулайманов салған 1200 орындық мектептің ашылуына қатысты. Инвестор Сайрамда бір жылда 7 мектеп салған. Тағы алты мектеп құрылысын бастауға дайын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан ашылған білім ұясымен танысып, мектеп алдына ағаш отырғызды.

Облыс басшысы сүт өнімдерін өндіретін «Aykan» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Кәсіпорында сүт сарысуынан өндірісте қолданатын ұнтақ шығаратын жаңа технология іске қосылды. Бұл – Қазақстанда баламасы жоқ қалдықсыз өндіріс.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесімен танысқан  облыс әкімі Дархан Сатыбалды ауданның шаруаларымен жүздесті. Диқандар жылына бірнеше өнім алудың сырымен бөлісіп, мемлекет тарапынан берілетін көмектің артқанына алғыстарын айтты. Ауданда өндірілетін өнімдердің көрмесіне қатысқан облыс әкімі мемлекеттік грант алып, кәсібін бастаған азаматтармен кездесті.

Аймақ басшысы сондай-ақ 10 мыңнан астам мал басына арналған мал бордақылайтын ферма мен ет өңдейтін цехта болды. 56 гектар жерде орналасқан өндіріс орны жылына 5 мың тонна ет өндіреді. 1 мың тоннаға жуық ет көрші елдерге эскпортталады. Бүгін мұнда Түркиядан арнайы алдырылған жаңа технология іске қосылды.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.