Түркістан облысы

Биыл Түлкібас ауданында 4 бірдей фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы іске асады

Биыл Түлкібас ауданында 4 бірдей фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылысы іске асады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында айтылды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жаңа нысандар Шұқырбұлақ, Келтемашат, Тұрар және Ақбиік ауылдарында бой көтермек. Жиында мұнан бөлек медицина саласындағы өзекті мәселелер, халықты жұмыспен қамту бағдарламасының жүзеге асуы, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.

Бүгінде ауданда тұрғындарға медициналық көмек көрсететін 67 мекеме бар. Олар 1 – аудандық орталық аурухана, 1 – аудандық емхана, 10 – дәрігерлік амбулаториялар, 2 – бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы, 18 медициналық тірек, 21 фельдшерлік акушерлік тірек. Бұдан бөлек 50 мектеп ішінде арнайы кабинеттер қарастырылған. Бірақ нысандар әлі де медициналық талапқа сай келмейді.

Аталған мәселені кезең-кезеңімен реттеу мақсатында аудан әкім жауапты бөлім мен аудандық аурухананың бас дәрігеріне медициналық тіректі қажет ететін елді мекендердің барлығына тиісті құжаттарды дайындауды тапсырып, қажетті жер телімдерін бөлуді ауыл әкімдеріне жүктеді. Салалық бөлімге мәселені толық зерделеп, облыс әкімінің жауапты орынбасарына жобалық сметалық құжаттар әзірлеу үшін қаржы қарастыру мақсатында хат жолдауды тапсырды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Денсаулық сақтау маңыздылығын ерекше атап өткен болатын:

Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды.

Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.

Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті.

Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын.

Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керек. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн.

Медицина – инвестиция салуға қолайлы сала. Тек оған дұрыс жағдай жасау қажет.

Мен келесі жылдан бастап ұлттық жобаны жүзеге асыруды тапсырдым. Бұл құжат, ең алдымен, ауыл тұрғындарының сұранысын қанағаттандыруға арналған.

Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.

Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады.  Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады. Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады. Сонымен қатар, телемедицина бағытын  дамытамыз. Сол арқылы шалғайда тұратын халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетілетін болады.

Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.