Түркістан облысы

Түркістан:Сауран ауданында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс мәжілісі өтті

0
(0)

Бүгін «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Ғани Рысбековтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезектен тыс мәжілісі өтті. Мәжіліске партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, филиал қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Саяси кеңес Бюросы мәжілісінің күн тәртібінде қаралған мәселелер:  Сауран аудандық партия филиалының кезектен тыс ІІ конференциясын шақыру туралы;

2021 жылдың ІІ жарты жылдығындағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауына байланысты, партия атынан аудандық партия филиалының кезектен тыс ІІ конференциясына үміткерлер ұсыну;

Мәжілісте Сауран аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С. Асылбеков хабарлама жасады. Бюро мүшелерінің талқылауымен және ортақ шешімімен Майдантал, Шорнақ ауылдық округ әкімдеріне үміткерлер тізімі конференция қарауына ұсынылды.

«Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалының кезектен тыс Саяси кеңесі Бюросының күн тәртібіндегі мәселер толығымен қаралып, қосымша ұсыныс пен пікірлер, сын-ескертпелер толықтырылып, бір ауыздан тиісті қаулылар қабылданды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button