Түркістан облысы

Сарыағашта аудандық мәселелер талқыланды

Аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте ауданда жұқпалы аурулардың алдын алу, аудан бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту мақсатында салық берешегін өндіру, мемлекеттік атаулы көмекті тағайындаудың барысы және Әкімшілік ресімдік процестік Кодексі (арыз-шағым) бойынша өтініштерді қарау барысы туралы күн тәртібіндегі мәселелері жөнінде баяндамалар жасалып, жан-жақты талқыға түсті, деп хабарлайды newsroom.kz.тілшісі.

Мәжіліс барысында аудан басшысы бүгінгі таңда өзекті болып отырған санитарлық-гигиеналық тазалық жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу және аудан аумағында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жұмыстарды тұрақты жүргізу қажеттігін тілге тиек етті. Сонымен қатар аудан бюджетінің кіріс көздерін ұлғайту бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне атқарылған жұмыстармен тоқтап қалмай, қосымша кіріс көздерін анықтап, салық берешектерін бір апта мерзім ішінде өндіруде ширақтылық танытуды тапсырды.

Сондай-ақ аудан басшысы мобильді топтардың жұмысын жандандыру және мектептердегі карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтіп балалардың денсаулығы баршамызға маңызды екендігін ескертті.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.