Түркістан облысы

Түркістан: Үш ауданда су тапшылығы орын алуда

Келес ауданындағы Бірлік, Жаңа тіршілік және Қосөткел ауылдарын тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін Саңырау каналынан су ақпай, жұрттың егістігі қурап қалған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Оның үстіне биыл қуаңшылық болып, жергілікті халық малға беретін азығын да дайындай алмай қалған. Жаңа тіршілік ауылының тұрғыны Нұрдос Тәжімұратұлы малға азық үшін жылда өзінің егістік алқабына дәнді дақыл егеді. Оны өсіруге 100-150 мың теңге қаржы жұмсайды. Алайда ағын судың жоқтығынан биыл да егістігі қурап, қу тақырға айналған.

«Су бар, істейтін азамат жоқ. Әр елді мекенге 3 азаматтан керек. Бір Бірлік ауылдық елдімекенге 12 адам алуымыз керек. Бізге ауылдан азаматтар керек. Қажет болса водхозды 1 күнде тоқтатамыз. Бір адам шықты ма жұмысқа, қоғамдық ақылы жұмыс деген бар? Бізге істейтін адам керек», дейді Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев.
Қалай болғанда да жергілікті халық Саңырау каналын бетондамай, суға келмейді деп отыр. Өйткені су бөлінгенімен, ол ауылға жетпей сіңіп кетеді. Сол себепті әзірге каналдың басынан суды бөлу үшін ауыл тұрғындарынан 6 адам арнайы бекітілді. Алайда Келес ауданында мал азығы тапшылығы әлі де бар. Өңірдегі кей аудандар қыстық жем-шөпті 90-100 пайызға жинап алғанымен Келес пен Сарыағаш аудандары мал азығы тапшылығы әлі де сезіледі. Жем-шөптің жоқтығынан кейбір тұрғындар қолдағы малын сатуға мәжбүр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.