Түркістан облысы

Түркістан: Саурандықтар «Абай күніне» орай кеш өткізді

0
(0)

Сауран ауданында Абай Құнанбайұлының 176 жылдық мерейтойына орай, «Өлмейтұғын артына сөз» қалдырған атты онлайн әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі.

Жаңадан құрылған Сауран ауданы ұлы ақынның мерейтойын жоғары деңгейде атап өтіп, екі әдеби-сазды кеш ұйымдастырды.

12 тамыз күні «Әлемге танылған Ұлы Абай» атты әдеби-сазды кеш өткен болатын. Кешегі мазмұнды шара бүгін де жалғасын тауып, аудандық мәдениет үйінде «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбында мағыналы да мәнді шара өтті.

«Абай Құнанбайұлының шығармаларындағы тұщымды толғамдар, мәнді де мәйекті ойлар оқырманның санасына ізгілік нұрын, парасат шырағын тұтатады. Абайдың күрделі философиясының сырына қанығып, тереңіне бойлап, астарлы мағынасын ұға білген оқырманның бойына отансүйгіштік пен ұлтқа деген махаббат ұялап, дүниетанымы өзгеретіні сөзсіз. Абай шығармаларын насихаттау – жас ұрпаққа адамдық пен адалдықты насихаттау!»,- дейді әдеби-сазды кештің алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Дәулет Құдияров.

Одан бөлек, жастарға Абай шығармаларын насихаттау арқылы ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбелейтінімізді айтты.

Әдеби-сазды кеш басталуы мен аяқталуы, шарықтау шегі мен қорытындысы бар бүтін бір шығармадай өрбіді. Композициялық қойылыммен өткен кештің шымылдығын аудан өнерпаздары ашып, Абай Құнанбайұлының қарасөзін оқыды. Домбыраның қоңыр әуенімен сүйемелденіп оқылған қарасөз көрермендерді баурап әкетті. Сайлаухан Жоланов, Шерхан Әлібеков, Болат Сенбеков, Әсем Улмаханова, Асқар Мәмбетов, Бейбарыс Қалдан, Нұрсұлтан Тулемисов оқыған қарасөздің соңы әдемі хорға ұласып, акапеллада «Желсіз түнде жарық ай әні» шырқалды. Әсерлі акапелладан соң, талантты әнші Нұрсұлтан Тулемисов «Домбыраға қол соқпа» әнін шырқады. Кеште Сайлаухан Жоланов Абайдың жиырма сегізінші қарасөзін шебер оқып, көрермендерді Абай әлеміне ертіп әкетті.

Сондай-ақ, кеште Абай Құнанбайұлының тағы да басқа әндері шырқалып, бірнеше өлеңдері оқылды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button