Түркістан облысы

Түркістандық балуандар олжалы оралды

0
(0)
Көкшетау қаласында жамбы ату мен теңге ілуден жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары марапатталды. Еліміздің таңдаулы спортшылары қатысқан бұл республикалық жарыста түркістандық Бағлан Сəдуақас теңге ілуден алтын медаль иеленді. Қазақстан чемпионатында Батыр Бексауыт ел чемпионы атанды. Қазір ұлттық спорт түрлерін əлемдік деңгейде дамытып, өркендетуге ерекше көңіл бөлінген. Ұлттық спортқа деген қызығушылық жастар арасында артып келеді. Басқосуда төрт жыл сайын жалауы желбірейтін «Ақ бидай» ауыл спорт ойындарында облыс намысын қорғайтын түркістандық спортшылардың дайындықтары пысықталды.
Бұдан басқа, аударыспақтан Қызылорда облысы əкімінің Кубогіне арналған жарыста Түркістан облысының спортшылары 7 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығасына байлады. Төрт жыл сайын дүбірлі дода биыл Маңғыстау облысында өтеді. Түркістан облысының намысын қорғайтын облыстық ұлттық спорт түрлері олимпиада мектебінің талантты шəкірттері қызу дайындық үстінде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button