Түркістан облысы

Түркістан облысында пара арқылы баспаналы болғандар жазаға тартылады

1.5
(2)

Түркістан облысында кезектен тыс пәтерге қол жеткізген тұрғындар 10 күн ішінде баспананы босатып беруі тиіс. Бұл туралы Newsroom+Ақпарат агенттігі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2017 жылдың желтоқсан айында «Отырар» шағын ауданының үш тұрғыны жаңа ғимараттардан пәтер алу кезегін алға жылжыту мақсатында тұрғын үй инспекциясының қызметкеріне пара бергені белгілі болды.

Аталған факті бойынша қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы («Ірі көлемдегі алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал заңда мұндай іске кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сондай-ақ, пара бергендер жазасыз қалмайды.

Осыған байланысты сот орындаушылары заңсыз үй алғандарға 10 күн ішінде пәтерді босату туралы хабарлама берді. Олай болмаған жағдайда пәтер «иелерін» қылмыстық жауапкершілікке тартып, қосымша шаралар қолданылады.

Жергілікті билік өкілдері қазіргі кезде тұрғын үй кезегі мемлекеттік деңгейде бақыланатынын айтады. Сонымен қатар, оған қандай да бір негізсіз өзгеріс енгізу мүмкін еместігін де ескертеді.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close