Түркістан облысы

Түркістанда ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында семинар өтті

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ұлы дала елі» орталығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қоғам санасында азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тосқауылдар және оны шешу жолдары» тақырыбында семинар өтті, деп newsroom.kz хабарлайды.

Жиынды Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы  Аңсар Өсербаев сөз сөйлеп, ашып берді. Басқарма басшысы өз сөзінде мемлекеттілікті нығайту жолында ел бірлігін бекемдеу, патриоттық сезімді сіңіру маңызды екеніне тоқталды. Семинар барысында ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру» және тәрбие бөлімі басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев баяндама жасады.

Аталған іс-шара қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, мемлекеттің ұлттық саясатының ең басты бағыт-бағдары болып табылатын ұлттық және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар семинарда мемлекеттің жан-жақты ойластырылған этносаясаты мен қоғамды демократияландыру процесіндегі жетістіктері насихатталды.

Семинарда ОҚМПУ-нің «Маркетинг және мансап» департаментінің басшысы, заңгер-ғалым, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі Ғалымжан Битұрсын және Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация кеңесінің мүшесі, медиатор Бақытжан Бейсембаев өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

Фото: Түркістан облысының Өңірілік коммуникациялар қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.