Түркістан облысы

Түркістан облысында үйіргелік жерлердің үлесі артады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысында үйіргелік жерлердің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүзеге асып жатыр деп newsroom.kz хабарлайды.

Бұл бағыттағы жұмыс барысы Ордабасы ауданында да қарқынды. Ауданға қарасты ауылда ауыл шаруашылық саласында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылды. Әсіресе «Бір алқаптан екі өнім алу» жобасы бойынша 12 шаруа қожалық иелері 42 га жерге көкөніс, бақша, жүгері дақылдарын егіп, бірінші өнімен 310 тонна өнім алды.

Алда жылыжай көлемін қосымша 3,5 га ұлғайту көзделіп, ауыл шаруашылығы техникаларын қосымша 7 данаға арттыру көзделуде. Мұнан бөлек, өткен 6 айда «Бакдаулет 7» ӨК инвестициялық құны 145 млн. теңге құрайтын, 2 жаңа жұмыс орнымен мал бордақылау алаңы іске қосылды.

Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаевтың ауылдық округтердегі есепті кездесуі Қараспан ауылында жалғасын тапты. Кездесуде аудан басшысы жарты жылдық жұмыстар жөнінде ауыл тұрғындарына баяндады.

Жыл соңына дейін жалпы құны 170 млн. теңгені құрайтын тағы 2 кәсіпкерлік нысан ашылады деп жоспарлануда.

Аудандағы ішкі орамдық көшелерге жол салу жұмыстары жүргізілуде. Қараспан, Мәдениет, Берген ауылдарында спорт алаңшасы мен орталық қақпа салынбақ.

Төреарық, Мақташы, Батыр ата, Көлтоған, Бейсен, Берген, Ақжол ауылдарына газ тарту жұмыстары да кестеге сай жүргізілмек. Нысан 2023 жылға өтпелі. Қараспан ауыл округі бойынша 14 елді мекеннің 7-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Қазіргі таңда Сарыарық, Бейсен-Мақташы, Қараспан үш елді мекеннің ауыз су құрылыс жұмыстары жүргілуде. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Электр желісін жаңарту жұмыстары да қарқынды.

Былтыр құрылысы басталған Мақташы ауылындағы З.Исабеков атындағы жалпы орта мектебінің 200 орындық құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Көлтоған ауылындағы Е.Ерназаров атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіледі. Ал, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Көлтоған Төреарық елді мекендерінен ФАП салу бойынша қазіргі таңда МСА рәсімдері жүргзіліп, мердігер мекеме «AR Kua Group» ЖШС болып анықталды, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Айта кетерлігі, биыл ортақ жайылымдық жерлер көлемі тапшы Қараспан ауыл округі бойынша жалпы көлемі 1 649,3 гектар ортақ жайылымдық жерлер бекітіліп берілген. Қосымша 3 206 гектар жайылымдық жерді аудандық қорға қайтарып, ортақ жайылымға бекіту жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.