Түркістан облысы

Түркістан облысында тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасы басталды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысында тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиялау алғаш рет жүргізілуде деп newsroom.kz хабарлайды.

Ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 500 млн теңге қаралып, бүгінгі таңда «Отбасы банк» АҚ-мен келісім-шарт түзілді. Бағдарламаның талаптарына сәйкес, тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы субсидиялауға жатады. Қалған жалдау ақысының 50 пайызы жалға алушының атына ашылған «Отбасы банк» АҚ-ның есепшотында болуы міндетті. Бұл туралы Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Бақтыбек Тоқбергенұлы мәлімдеді.

«Отбасы банк» АҚ мәліметіне сәйкес, жалпы 3 635 өтініш қабылданып, оның ішінде қазіргі таңда 1 493-і мақұлданды. Облыстық бюджеттен тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялауға 1 493 азаматтарға 25 млн теңге қаржы қаралып, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап төлем жүргізу жоспарлануда.

Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға үміткер ретінде, жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тіркелген және төрт санат бойынша ҚР азаматтары бола алады. Олар: 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар.

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.