Түркістан облысы

Түркістанның тіршілігі түнде де тоқтамауда

0
(0)

Бүкіл түрік дүниесінің алтын бесігі болған қасиетті Түркістан күн өткен сайын жайнап- жасынап келеді. Мұнда түрлі заманауи нысандармен бірге, қаланы жанға жайлы мекенге айналдыру мақсатында көркейту, көріктендіру жұмыстары да қатар жүріп жатыр. Әсіресе, бұл істе қаладғы «Жасыл Түркістан» мемлекеттік мекемесі қызу жұмыстар атқаруда, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі ontustik арнасына сілтеме жасап.

Жасыратыны жоқ, Түркістан қаласының климаты  жаз мезгілінде өте ыстық келеді. Ауа райының бұл құбылысы жасыл желектер егіп, көк майса өсіруге  өте қолайсыз. Алайда, түркістандық сала мамандары оның да жолын тапқан. Облыс орталығындағы  жасыл желектер қазір негізінен түнде суғарылады. Оның өзіндік тиімділігі өте зор.

СӘТ БЕРНИЯЗОВ- «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» МКМ ИНЖЕНЕРІ

Жалпы, жасанды газон өсірудің қайда да болсын өз қиындығы бар. Алайда, мекемедегі мамандар үшін  ол бүгінде күрделі мәселе емес. Міне, өз істерін терең меңгерген мамандар қазір     газон өсірудің ерекше тәсілін де тәжірибеге ендіріп отыр.

СӘТ БЕРНИЯЗОВ – «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» МКМ ИНЖЕНЕРІ

Бүгінде Түркістанды суландыру мақсатында да  тыңлықты шаруалар атқарылған. Соның негізінде қаланы жасыл желекке  айналдыру ісі  қарқын алуда. Міне, осы мүмкіндікті тиімді пайдалану мақсатында мекеме қызметкерлері уақытпен санаспай жұмыс атқаруда.

КӨРКЕМЖАН ЕШМЕТОВ  – «ЖАСЫЛ ТҮРКІСТАН» МКМ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Шаһардағы күндізгі тіршілікті    айтпағанның өзінде, түнде атқарылатын мұндай шаруалардың бәрі  қала әкімінің тікелей  бақылауында.  Өйткені осы мақсатта арнайы желі  ашылған. Міне, осы жүйе арқылы қаланың барлық аймағындағы тыныс – тіршілік назарға алынып, тиісті бақылау жасалынып отырады.  Өз кезегінде бұл жұмыстардың  кедергісіз әрі жүйелі жүруіне үлкен септігін тигізуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button