Түркістан облысы

Түркістан: Төлеби ауданында жаңа саябақ салынуда

0
(0)

Төлеби ауданы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінің тумасы Төлтебаев Мұрат бүгінде ауылға кіреберіс жерде жаңа саябақтың құрылысын бастады. Жоба құны 700 млн теңгені құрайтын саябақтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды newsroom.kz. поралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Саябақтың жер көлемі 1,5 гектар. Ауыл тұрғындарының демалыс орнына айналғалы тұрған саябақта аллеялар, фонтан, түнгі жарық, бассейндер, ашық аспан аясындағы мейрамханалар, орындықтар бар. Сондай-ақ, саябақ аумағында қырым ағаштары, көлеңке түсіретін тал-теректер, көздің жауын алатын әсем гүлдер отырғызылған.
Ауыл көркіне ажар беру мақсатында қоршауларға ауданның керемет табиғат көріністері, аң-құстардың суреттері ілінген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button