Түркістан облысы

Түркістан: Мақтаралда 1200 орындық мектеп салынды

0
(0)

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентіндегі жаңадан бой көтерген шағын ауданда 1200 орындық алып мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды newsroom.kz. тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудан әкімі Бақыт Асанов нысанға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалады. Мектептің елімізде баламасы жоқ. Білім ұясының жалпы алаңы 2,7 гектарды құрайды. Ішкі спорт залында көрермендерге арналған 200 орындық орын бар.

Мектептің асханасы 420 орынға есептелген. Сыртқы аулада салынып жатқан алып футбол алаңы мен волейбол, баскетбол алаңдары да көлемді. Қазіргі таңда мектептегі физика, химия, информатика кабинеттерін, мультимедиялық және лингафондық кабинеттерді соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша оқушылар түрлі спорттық, өнер және қолөнер үйірмелеріне қатысып, өздерін қосымша дамытуға барлық мүмкіндіктер жасалады.
Білім ошағының техникалық-базалық жабдықталуына үлкен мән берілген. Сонымен қатар, нысанның сыртқы жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Айта кетейік, облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен бас мердігер «АРТ-Құрылыс» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан алып нысан үшін ҚР Үкіметі резервінен 2,6 миллиард теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда Мақтаарал ауданында жалпы 13 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 8 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button