Түркістан облысы

Түркістанның дамыту 4 аумақта жүзеге асырылады

0
(0)

Түркістанды дамытудың екінші кезеңінде жүзеге асатын жобалар бақылауда, деп хабарлайды NewsRoom.kz.тілшісі.

Түркістанның дамуы 4 аумақта жүзеге асырылады. Бірінші, Халықаралық әуежай аумағында 12 жоба іске қосылады. Оның ішінде 100 орындық замануи қонақ үй, 400 га қара өрік бағы, 50 га жерге жылыжай, 10 мың бас ірі қара бордақылау кешені, 1 200 бас тауарлы-сүт өндіру фермасы салынады.

Екінші аумақтағы жұмыстар Әкімшілік-іскерлік орталығында жалғасады. Мұнда 57 жобаның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені, демалыс орындары және инженерлік инфрақұрылымы. Сондай-ақ, 4,8 млн. шаршы метр тұрғын үй салып, 46 мың пәтер пайдалануға беру жоспарлануда. Денсаулық сақтау саласында 570 төсектік көпбейінді аурухана (МЖӘ), жедел медициналық жәрдем станциясы, және «Ана мен бала орталығы» салынады.

Үшінші аумаққа кіретін Б.Саттарханов даңғылының бойында спорттық кешен, Яссы желілік саябағы, ірі сауда орталықтары, 182 га универститеттік ботаникалық бақ, Парк Лайн коттедж кешені пайда болады.

Ал, 4-аумақ – Мәдени-рухани орталық. Табиғи аумақта Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағын абаттандыру жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені, «Аманат» коттеджі қалашығы, «Medina Palace» қонақ үйі, «Хилует» мәдени-рухани орталығы салынады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button