Түркістан облысы

Түркістан: Көп қабатты тұрғын үйлерде өрт-тактикалық оқу сабағы өтті

Түркістанда «Жоғары қабатты ғимараттардағы өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу сабағы өтті, деп хабарлайды.

Түркістан қаласының дамуына, қала аумағына көп қабатты тұрғын үйлер салынуына байланысты Түркістан облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Қызметтің ӨСКҚ жедел кезекшісі қызметкерлердің жетекшісімен Түркістан қаласындағы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, Кентау қаласының №12 Өрт сөндіру бөлімі, Ескі Икан ауылының №35 және Шорнақ ауылының №24 өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлерімен «Жоғары қабатты ғимараттардағы өртті сөндіру» тақырыбында өрт-тактикалық оқу сабағы өтті.

Аталған іс-шара Түркістан қаласы Б.Саттарханов данғылында орналасқан нөмірсіз көп қабатты тұрғын үйлерде ұйымдастырылған. Оқу жаттығуға 2 негізгі, 1 арнайы автосаты (АЛ-32), штабтық автокөлiктер және 20 қызметкер жұмылдырылды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.