Түркістан облысы

Түркістан: көгалдандыру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде

Жалпы, қала аумағына Жасыл белдеу орнату мақсатында 4 700 га жерге 3,5 млн. түп ағаш егілді.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру және қаладағы көгалдардың аумағын ұлғайту тапсырмасына сәйкес, күтіп ұстауды жеңілдету мақсатта қаладағы жалпы жасыл желектер 73 аумаққа бөлінді деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Бұл жұмыстарға жауаптылар бекітіліп, бақылау аралау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Облыс әкімі көгалдандыру жұмыстарының барысымен танысып, жауапты тұлғалармен кездесті.
Түркістан қаласындағы саябақтар мен гүлзарларды күтіп ұстау бойынша мемлекеттік қызметшілерден құрылған мобильді мониторингтік тобы құрылды.
Әзірет Сұлтан мешіті, «Жеңіс» саябағы және Бекзат Саттарханов даңғылы аумағындағы 1,8 шақырымында автоматикалық суғару жүйесі аяқталып, партерлік көгал төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Тұңғыш Президент саябағы, Қазақ хандығы мемориал кешенінің құрылысы аяқталуда. Б.Саттарханов даңғылы бойында 4 шақырым желілік саябақ салынып, 25 300 түп ағаш егіліп, 317 шағын архитектуралық нысандар орнатылды. «Рәміздер алаңы», «Есімхан алаңы» мен «Түркі бағын» абаттандыру жұмыстары аяқталды.
Жалпы, қала аумағына Жасыл белдеу орнату мақсатында 4 700 га жерге 3,5 млн. түп ағаш егілді.
Қала ішіндегі көгалдандыру және сумен қамту жұмыстарын қарқынды атқару үшін «Жасыл Түркістан» КММ-нің Мобилді тобының жалпы штат бірлігі 1 ай ішінде 202-ден 357-ге дейін ұлғайып, қосымша 155 штат бірлігі ашылды. Нәтижесінде қазір 5 мобилді топ 3 күндізгі және 2 түнгі ауысымда жұмыс жасауда.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.